Смирнов №3 орта мектебі жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында 19-23 ақпан аралығында «мамандықтың бәрі жақсы» атты апталық өтті

22 ақпанда тәрбиешілер Тлеубергенова К.С, Аманжолова Ә.А ортаңғы топ 4 жастағы балаларымен «Мамандықтар» тақырыбы бойынша ашық оқу қызметін ұйымдастырып өткізді. Бүл оқу қызметінде тәрбиеленушілер екі топқа-қызылдар және сарыларға бөлініп сайысты. Сайыстын өнімі «Лэп-бук» кітапшасы болып шықты. «Лэп-бук» кітапшасы келесі тапсырмалардан тұрды.

  1. Мамандықтын атауы (жұмбақ арқылы шешу)
  2. Керекті–құрал жабдықтар (құралдардың арасынан керегін таңдап алу)
  3. Кім қайда жұмыс істейді.(Маман иелерін керекті ұяшыққа салу)
  4. Пазл құрастыру. (Қандай топ жылдам құрастырады)

Үзілістерде балалар мнемокесте технологиясы бойынша «мамандықтар» тақырыбына байланысты тақпақтар айтты.

Сайыстың жеңімпазы сарылар командасы болып шықты.

«Лэп-бук» жаңа пед. технологиясы тақырып бойынша ақпаратты жинақтауға бағытталған. Біздін «мамандықтар» атты лэп бугімен әр кезде балалардың білімдерін қайталауға, тексеруге болады.

Кіші топ тәрбиешілері Абылкасова А.М, Нургалимова Ж.Е өз баларымен М.Монтессори технологиясының элементтерімен қолданып «Маған өзім істеуге көмектес» ашық оқу қызметін өткізді.Бұл технология балаларды ерте жастан өзіне көмек көрсету білуіне бағытталған: түйме салу, бау байлау, замок тағу. Құм терапиясында Ж.Е Нургалимова балалармен бірге «шалқан » ертегісін сахналады. Апталық өте жақсы деңгейде өтті, балалар білім алып, көп нәрсеге үйренді.

Дата публикации: 22.02.2018